-
Информация о материале
-
Категория: ХСШ 4
-
-
Просмотров: 490
⚜️”ЖАС МАТЕМАТИК” ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ⚜️ "Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығы мен № 4 Хромтау орте мектебі ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар және 5-6 сыныптар арасында “Жас математик” олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
⚜️”ProEco” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ⚜️ 1 сәуір күні Хромтау орта мектебінің базасында Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық “ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде, мектебіміздің оқущылары жүлделі орындарды иеленді. Олар: - Асқар Ш - 1 орын; - Төлеген А - 2 орын; - Власовских З - 2 орын; - Умирбаева Д, Иссалиева А.- 3 орын. Оқушыларды және жетекшілерін құттықтаймыз!?
⚜️ОҚУ АҚЫСЫНА 100% ЖЕҢІЛДІК ЖЕҢІП АЛДЫ⚜️ Қ.Жұбанов атындвғы Ақтөбе өңірлік университетінде мектептердің 11(12) класс оқушылары арасында ұйымдастырылған Жұбанов олимпиадасында шығармашылық бейіндік пәні бойынша мектебіміздің 11 «А» сынып білім алушысы Жұмабаева Дания жүлделі І орынды иеленіп, 2025-2026 оқу жылына 100% жеңілдікке сертификат иемденді. Білім алушымызды құттықтаймыз!?
⚜️МЕКТЕП ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ⚜️ Ел өркениеті қашанда жастардың білім деңгейімен өлшенеді. Ендеше, ертеңгі күннің еншісі - бүгінгі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы - рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. 28 ақпан күні Ғылым мен білімді байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындырып жүрген мектебіміздің үздіктері марапатталды. Жарқын болашаққа қаққан қанаттарыңыз талмасын! Әрдайым жүлделі орындардан көрініп, аудан, облыс намысын қорғап, биіктерді бағындыра берулеріңізге тілекшіміз.
№ 4 Хромтау орта мектебінде дарынды оқушылар бойынша 2023-2024 оқу жылының атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебі .
⚜️“БАСТАУ” ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ⚜️ 3 ақпан күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған республикалық «Бастау» атты математикалық құрама топтық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Жеңімпаздарға аудандық кезеңінде сәттілік тілейміз!
⚜️“БАСТАУ” ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ⚜️ 4 ақпан күні Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 4 Хромтау орта мектебінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту. Олимпиадаға мектептен 2-4 сынып оқушылары арасынан екі команда (орыс, қазақ )қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте екі командамыз жүлделі 1 орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Оқушыларды және дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!?