Елтаңба  

   

 

   

№4 Хромтау орта мектебінде “Заң және тәртіп” жобасы аясында «Заң – қоғамның айнасы» тақырыбында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Іс-шара соңында ауыспалы кубок ойнатылып, белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды. Заңды білу – әр азаматтың міндеті. Тәртіпті қоғам – жарқын болашақтың кепілі!

🔥 Қауіпсіздік — басты назарда! Мектебімізде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық педагог қызметкерлер арнайы оқыту курсынан өтті. Оқыту жұмыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің: 📌 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы бұйрығы; 📌 2014 жылғы 9 маусымдағы №276 «Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде ұйымдастырылды. 🏢 Оқу курсын «AIBA Safety» ЖШС мамандары жүргізді. Курс барысында педагогтер: ✅ өрттің алдын алу шараларын, ✅ төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді, ✅ өрт сөндіргіш құралдарды (огнетушитель) дұрыс пайдалану тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді. 📜 Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы куәліктер табысталды. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру — баршамызға ортақ міндет!

2026 жылдың 21 қаңтар күні мектебімізде 2–4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. 📚 Олимпиаданың мақсаты — бастауыш сыныптағы математикаға қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, сондай-ақ білімдерін тереңдетіп, ойлау қабілеттерін дамыту. 🏆 Қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар келесі аудандық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ал жеңімпаздарға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз!

2026 жылғы 22 қаңтар күні мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 9- сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кәсіби бағдар беру бағытында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ата-аналардың ықпалын арттыру, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру. Жиналыс барысында: Дүние колледжі, Болашақ колледжі туралы толық мәліметтер беріліп және Хромтау тау-кен колледжінің бас маманы қатысып, оқу орындарындағы мамандықтар, қабылдау талаптары, оқу шарттары мен мүмкіндіктері туралы кең көлемде мәлімет берді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, ата-аналарға пайдалы әрі маңызды ақпарат ұсынылды.

Діни экстремизмнің алдын алу бағытында педагогтердің кәсіби жұмыс дағдыларын дамытуға арналған оқыту семинары өтті. Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімді әдістері, жастар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу жолдары және педагогтердің бұл бағыттағы рөлі кеңінен талқыланды. Мұндай кездесулер ұстаздардың біліктілігін арттырып, оқушылардың қауіпсіз әрі саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

📢 Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: 📌 Бос орындар: 🔹 Химия пәні мұғалімі — 1,5 орын (оқыту тілі орыс тілі); 🔹 Математика пәні мұғалімі — 2,5 орын (оқыту тілі орыс тілі); 🔹 Физика пәні мұғалімі — 1,5 орын (оқыту тілі орыс тілі); 🔹 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі). Талаптар: 🔸 Педагогикалық жоғары білім 🔸 Жауапкершілік, креативтілік 🔸 Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы 📍 Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі 📞 Байланыс: +7 771 182 43 40 Бөлісіп, таныстарыңызға жеткізуді ұмытпаңыз! Білімге құштар, білікті ұстаздарды асыға күтеміз!

Мектепте кезекті педагогикалық кеңес өткізіліп, білім беру мен тәрбие сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды. 📝 Күн тәртібінде: 🔹 «Адал – азамат» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалуы және тәрбие жұмысының талдауы; 🔹 Мектеп педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыруға байланысты атқарылған шаралар есебі: аттестациялау, білім жетілдіру курстарынан өту, өз білімдерін жетілдіру мониторингісін талдау; 🔹 Пән мұғалімдерінің үлгерімі төмен оқушылармен жүргізіп жатқан жұмысының қорытындысы; 🔹 Білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі мен тоқсандық білім сапасын талдау; 🔹 Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша мектептің атқарып жатқан жұмысына талдау. Кеңес барысында өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. 🌱

🎉 ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! 🎉 8–9 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының республикалық кезеңінде «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша педагог-логопед Абдикалыкова Инабат Мейрамбекқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🥉 Бұл — тынымсыз еңбектің, кәсіби шеберліктің және шығармашылық ізденістің жемісі. Инабат Мейрамбекқызын зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌺 Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! ✨

🗓️Бүгін, 13 қаңтар күні деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында Хромтау аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі - Қият Инатұлы Махамбетов, «Хромтау аудандық дін істері орталығы» КММ басшысы - Д.Ә.Бегімбетов «№4 Хромтау орта мектебі» КММ жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 📌Іс-шараның мақсаты - жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, радикалды және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты – ел дамуының қазіргі бағытын, қоғам алдындағы маңызды міндеттерді терең түсіндіретін мазмұнды әрі салмақты сұхбат болды деп есептеймін. Президент өз сөзінде білім мен тәрбие, ұлттың рухани дамуы, жастардың болашағы, әділетті қоғам құру мәселелеріне айрықша тоқталды. Білім саласының өкілі ретінде Мемлекет басшысының сапалы білім беру, мұғалім мәртебесін көтеру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі ойлары біз үшін аса маңызды. Сұхбатта айтылған жауапкершілік, адал еңбек, тәртіп пен білімге ұмтылу сияқты құндылықтар – мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс негізгі қағидаттар. Президенттің ел бірлігі, тұрақтылық және заң үстемдігі туралы көзқарасы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысымен тікелей үндеседі. Біз мектеп ұжымы ретінде Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, өскелең ұрпақты саналы, білімді, ел тағдырына бейжай қарамайтын азамат етіп тәрбиелеуге бар күшімізді саламыз. Қорытындылай келе, бұл сұхбат әрбір ұстазға, ата-анаға және оқушыға ой салатын, ел болашағы үшін жауапкершілікті терең сезінуге үндейтін маңызды сұхбат болды деп айта аламын. №4 Хромтау орта мектебінің директоры - А.Т. Ешкеева

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және мектеп ұжымы! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өткен жыл білім мен тәрбиедегі табыстарға толы жыл болды. Бұл жетістіктер – баршаңыздың еңбектеріңіздің жемісі. Жаңа жыл — жаңа мүмкіндіктер мен жарқын бастамалардың жылы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік, ал оқушыларымызға білім жолында биік белестер тілеймін! 2026 жыл – табысты, берекелі және қуанышты жыл болсын! Ізгі ниетпен, №4 Хромтау орта мектебінің директоры - А.Т. Ешкеева

2025 жылдың қорытындысы бойынша мектебіміз *"Ең үздік кітап оқитын мектеп – 2025"* атағын иеленді! 📚 Бұл — кітап оқуды сүйетін оқушыларымыздың үздіксіз еңбегі мен талпынысының нәтижесі. Барша оқырман-оқушыларымызға шексіз алғыс айтамыз! Сіздермен мақтанамыз!

Мектебімізде Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында оқушылар мен ұстаздар Жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, ән-бимен, ойын-сауық бағдарламаларымен өз өнерлерін көрсетті. Шырша айналасында қызықты ойындар ойнатылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Бұл мереке оқушылардың шығармашылығын дамытуға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және жаңа жылдық жылулық пен қуаныш атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті. 🎄✨

📚 “Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсының облыстық кезеңі сәтті өтті! Бұл байқауда ұстаздар өз пәніне тән тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңашыл идеяларын ұсынды. Оқушының қызығушылығын оятатын, заманауи білім беру талаптарына сай креативті ұсыныстар жоғары бағаланды. 🌟 Нәтижесінде үздік атанған педагогтар: 🔸 Тнымбай Е.Ғ. - физика пәні мұғалімі – 🥉3 орын 🔸 Абдикалыкова И.М. – педагог-дефектолог – 🥇1 орын (республикалық кезеңге жолдама 🎉) Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! 🍀✨ #педагогика2025 #ұстазжетістігі #педагогикалықидеялар

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды Бас прокуратурада Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы заманауи цифрлық және аналитикалық құралдардың тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында қылмыстық қатерлерді ерте анықтауға арналған медиа-кеңістікті мониторингілеу жүйесінің мүмкіндіктері, «e-Өтініш» платформасындағы азаматтардың өтініштерін талдайтын ЖИ-агент және оларды тиімді қарау шаралары, көшедегі қылмысты, сыртқы киберқатерлерді болжауға бағытталған пилоттық жобалар, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында халыққа құқықтық көмек көрсетуге арналған мобильді қосымшалар, «ақылды» қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының геокарталары және елдегі прекурсорлар мен химиялық заттардың айналымын бақылауға арналған Таргетинг-орталық таныстырылды. Сондай-ақ «Цифрлық қадағалау» жүйесі және оның тұлғаларды іздестіру, қылмыстық жазалармен пробацияның орындалуын бақылау, сотталғандарды ресоциализациялау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істердің заңдылығын талдау бағытындағы функционалдары көрсетілді. Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік органның деректер базасы, «ақылды» бейнекамералар мен дрондар қосылған. Бұл прокурорларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Халықтан келіп түсетін сигналдарды талдап, оларға ең ерте кезеңде жедел әрекет ету мақсатында төтенше коммуналдық қызметтерді Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке(БКДҚ-112) біріктіру бойынша мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетін трансформациялау жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Оның құрылымында 4 ай бұрын Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы құрылды.

📌 11.12.2025 ж. “Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Бұл шарада мұғалімдер өздерінің пәндік ерекшеліктеріне сай әдіс-тәсілдер мен жаңашыл идеяларын ұсынды. Заманауи талаптарға сай келетін, оқушының қызығушылығын арттыратын шығармашылық ұсыныстар бағаланды. 🔹 Фестиваль қорытындысы бойынша келесі педагогтер облыстықкезеңге жолдама алды: ▪️ Тнымбай Е.Ғ – физика пәні мұғалімі ▪️ Абдикалыкова И.М - педагог-дефектолог 💐 Құттықтаймыз! Обшыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

10 желтоқсан күні мектеп директоры жанындағы кеңесте білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі бағыттар: 📍 «Bilimland.kz» жүйесінің сапалы толтырылуын бақылау 📍 9 және 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру 📍 Инклюзивті білім беру және үйде оқытуды ұйымдастыру 📍 Жол жүру ережелерін сақтау шаралары 📍 Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс және мониторинг Бұл бағыттар білім сапасын арттыруға және оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. 🔹 Ынтымақты жұмыс — сапалы нәтиженің кепілі!

*Құттықтаймыз! 🏆* «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінде жеңіске жеткен *Чепеленко Е.В.-ны* шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіздің еленуі – кәсіби шеберлігіңіз бен біліктілігіңіздің дәлелі. Шығармашылық табыс пен алдағы кезеңдерде де сәттілік тілейміз!

Құттықтаймыз! «Шабыт» жобасы аясында өткен «Театр және тарих» тарихи оқиғаларды сахналау сайысында № 4 Хромтау орта мектебі «Таңшолпан» театры 3-орынға ие болды! Бұл өнердегі үлкен жетістік, команда мүшелерінің бірлескен еңбегі мен шығармашылық күш-жігерінің нәтижесі. Театр ұжымы тарихты сахналау арқылы жастарға үлкен тәлім-тәрбие беріп, шынайы өнер мен мәдениетті насихаттап келеді. «Таңшолпан» театрының мүшелерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық жолдарыңызда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

📌 “Үздік орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі” байқауы 🗓 18.11.2025 ж күні мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға қатысқан ұстаздар: 🔹 Төреғалиева А.Т 🔹 Искендирова А.И 🔹 Чепеленко Е.В Құттықтаймыз! 🎉 Аудандық кезеңге жолдама алған — *Чепеленко Е.В* Сәттілік тілейміз! 🍀

2025 жылғы 17 қараша күні 7–8 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Іс-шараның мақсаты – дарынды және білімге құштар оқушыларды анықтап, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін сынап, жоғары нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! ✨ Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз! 🏆📚

Мебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Хромтау ауданы әкімінің алғыс хптымен марапатталды. Тіл саласындағы табанды еңбегі мен ұлт руханиятына қосқан үлесі үшін көрсетілген бұл құрмет – зор жетістіктің айғағы. 💬 Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беріп жүрген ұстаздарымызға зор алғыс білдіреміз! 📚 Ұстаз еңбегі – ел еңсесі. Ұлт болашағына қызмет етіп жүрген барша ұстаздарымызды құттықтаймыз!

📌 Құттықтаймыз! Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Суйналина А.А. Хромтау ауданының 90 жылдық мерейтойына орай арнайы төсбелгімен марапатталды. Бұл — ұстаздың білім саласына қосқан еңбегі мен ауданның дамуына сіңірген үлесінің жарқын көрінісі. Марапатыңыз құтты болсын! Жаңа шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз! 🌟

Сақ бол, жас дос! Ғаламтордың шырмауынан сақтан! «JasAqtobe-2022» қоғамдық қоры жасөспірімдермен ашық әңгіме өткізді Бүгінгі ұрпақтың өмірін интернетсіз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік желі – олардың достық ордасы, білім мен ақпарат көзі, кейде – шығармашылық сахнасы. Алайда сол шексіз виртуалды әлемнің ар жағында көрінбейтін қауіп те аз емес. Осы өзекті мәселе төңірегінде 2025 жылдың 12 қарашасы күні «JasAqtobe-2022» қоғамдық қоры Ақтөбе облысының білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында екі әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыру мақсатында Хромтау ауданындағы мектептерде 8-11 класс оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуді «JasAqtobe-2022» қоғамдық қорының ресми өкілі, жастармен жұмыс жөніндегі маман, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет лекторы Таганов Еркебулат Серикович пен «Хромтау аудандық дін істері» ММ-нің теолог маманы Қайырбай Сабина өткізді. Сонымен қатар, Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскері Күртебай Динара Андреевна мен мектеп басшылары, мектеп ұстаздары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жастарға әлеуметтік желіні сауатты пайдалану, интернеттегі қауіп-қатерден қорғану жолдарын түсіндіру. Шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздар бүгінгі ақпараттық ғасырдың ең өзекті сұрақтарына жауап іздеді: әлеуметтік желі бізге не береді, біз одан не жоғалтамыз? Қор төрайымы Таганов Е.С. өз сөзінде интернеттің тек ойын-сауық құралы емес, үлкен жауапкершілікті қажет ететін құрал екенін ерекше атап өтті. «Бүгін жазған бір пікірің ертең өзіңе кедергі болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде әр әрекет – із қалдырады. Сондықтан жастар өздерінің онлайн мәдениетін қалыптастыруы қажет», – деді ол. Жастар осы мәліметті тек өздері біліп қана қоймай, отбасындағы үлкен адамдардың да алданып қалмауына көмектесуі қажет екендігі баса айтылды.

ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» акциясы аясында бүгін мектеп психологтары балаларды ерекше көңіл-күймен қарсы алды! Ойындар, күлкі, достық бәрі де бір мақсатта: мейірім мен түсіністікке толы мектеп қалыптастыру 🤝 Акцияның мақсаты – балалардың бойында құрмет, достық, өзара көмек, төзімділік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, буллингтің алдын алу және мектеп ортасында жанжалсыз қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

🎉 Құттықтаймыз! 2025 жылғы мұғалімдер арасындағы аудандық спорттық жарыстарда мектебіміздің ұстаздары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді!🥈 Жекелей жеңістеріміз: 🥇 Асық ату – Тұржан Д. 🥇 Шахмат – Ермуханова А.Ж., Сатаев Е. 🥈 Тоғызқұмалақ – Кәдір А. 🥉 Қыздар волейбол командасы – III орын Ұжымымыздың ұйымшылдығы мен жанкештілігі – зор мақтаныш! Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы жарыстарда да тек сәттілік тілейміз! Қолдау білдірген әріптестерімізге де ризашылығымыз шексіз!

📚 Мектепішілік пәндік олимпиада 2025 жылғы 3 қараша күні 5–6-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. 🎯 Іс-шараның мақсаты – дарынды, білімге құштар оқушыларды анықтап, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 🏅 Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. 👏 Барлық қатысушыларды белсенділіктері үшін құттықтаймыз! ✅ Келесі кезеңде сәттілік тілейміз!

📌 Педагогикалық кеңес №2 «Білім беру барысындағы сапалы білім мен тәрбие беру – мектептің басты ұстанымы» 2025–2026 оқу жылының 1-тоқсанын қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындау мақсатында мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті. 🔹 Кеңес барысында: 1️⃣ Оқу-тәрбие жұмыстарының 1-тоқсандағы қорытындысы талданып, 2-тоқсанға жоспарлар белгіленді. 2️⃣ 1 және 5-сынып оқушыларының бейімделуі мен сабаққа қатысу мәселелері қарастырылды. 3️⃣ Оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, жеке және эмоциялық-ерік дамуын бақылау жайы сөз болды. 4️⃣ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары талқыланды. 📚 Педагогикалық кеңес – сапалы білім мен тәрбиенің кепілі.

2025–2026 оқу жылында мектебімізде мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және сабақ сапасын арттыру мақсатында Lesson Study тобы мен фокус топ жұмысы құрылды. Бұл топтар — педагогтердің тәжірибе алмасуына, тиімді оқыту әдістерін қолдануға және оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ортақ мақсат — үздіксіз даму және сапалы білім!

📌 Ақпараттық кездесу Мектебімізде әріптестерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы №197 бұйрығына сәйкес «Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесінің бекіту тәртібі» таныстырылды. Мақсат – педагогтердің кәсіби қызметін әділ бағалау жүйесін түсіндіру, сапалы білім мен тиімді басқаруға қол жеткізу. 📚 Әріптестерімізбен пайдалы ақпаратпен бөлісіп, жаңа талаптар мен өзгерістерді бірлесе талқыладық.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді ұлтымыздың ұлы мерекесі — 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы маңызды қадамы, егемендік пен елдіктің бастауы. Республика күні — халқымыздың болашаққа деген сенімі мен үмітін айқындайтын айбынды мереке. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен бейбіт өмір тілеймін! Еліміз гүлдене берсін, көк туымыз биікте желбірей берсін! Ізгі тілекпен, №4 Хромтау орта мектебінің директоры - А.Т. Ешкеева

25 Қазан – Республика күні🇰🇿 Бұл күн – Қазақ елінің тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамы, ел болуға ұмтылған асқақ арманның символы. Республика күні – ел тарихындағы маңызды белес, ұлттық бірлік пен егемендіктің нышаны. Осы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Елімізде тыныштық, бірлік пен береке болсын!

2025 жылғы 23 қазан күні мектебімізде 2–7 сынып оқушылары арасында өтетін «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Оқушылар өз жобаларын сенімді қорғап, ғылыми ізденіс пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл байқау – балалардың зерттеу дағдыларын дамытып, сыни және креативті ойлауын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Жеңімпаздарға алдағы аудандық кезеңде сәттілік тілейміз! 🌟

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарында азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетті болжамды-талдамалық орталық етіп, қайта құру жұмысы жүргізілуде. Жиналған мәліметтерді, жасанды интеллектіні және талдамалық құралдарды бірыңғай деректер жүйесіне біріктіру құқықтық тәртіпті жүйелі басқаруға жаңа мүмкіндіктер береді. Осы негізде орталық және өңірлік деңгейде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі Жобалық кеңсе құрылуда. Негізгі мақсаты – азаматтық қоғамның құқық қорғау және адам құқықтарын қорғау құрылымдарымен тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, қоғамның барлық топтарында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру. Ел бойынша құқық бұзушылыққа төзбеушілікті күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың цифрлық қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне бағытталған акциялар өткізілуде. Бірқатар өңірлерде бүкіл ауыл болып алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартып, бұл қылмыстың азаюына, кей жерлерде оның мүлдем жасалмауына ықпал етті. Заң мен этикалық нормалардың бұзылуы туралы хабарлап, қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға белсенді қатысатын азаматтарды ынталандыру жүйесі әзірленуде. Елдегі қылмыс деңгейі тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын айта кету керек. 9 айдың қорытындысы бойынша 98,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға аз. Әсіресе аса ауыр қылмыстардың, ұрлық, тонау және қарақшылық фактілерінің айтарлықтай қысқарғаны байқалады. Жүйелі профилактика, құқық қорғау үдерістерінің цифрландырылуы, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру оң нәтиже берді.

📢 Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: 📌 Бос орындар: 🔹 Химия пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); 🔹 Математика пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); 🔹 Физика пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); 🔹 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — 1 орын. Талаптар: 🔸 Педагогикалық жоғары білім 🔸 Жауапкершілік, креативтілік 🔸 Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы 📍 Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі 📞 Байланыс: +7 771 182 43 40 Бөлісіп, таныстарыңызға жеткізуді ұмытпаңыз! Білімге құштар, білікті ұстаздарды асыға күтеміз!

​​ХРОМТАУДА FIFA ARENA БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ Бүгін Республика күні қарсаңында Хромтау қаласында халықаралық FIFA Arena бағдарламасы аясында салынған жаңа футбол алаңының ресми ашылу салтанаты өтті. FIFA Arena жобасы – балалар футболын дамытуға және заманауи спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған халықаралық бастама. Бағдарлама шеңберінде еліміздің бірнеше өңірінде заманауи шағын футбол алаңдарын салу көзделген. Сол пилоттық жобалардың бірі – Хромтау қаласында жүзеге асты. Салтанатты шараға Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Григорьевич Лория, сондай-ақ жас футболшылар мен спорт жанкүйерлері қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов және Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория құттықтау сөз сөйлеп, жаңа спорт алаңының маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов атап өтті: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың спортты кеңінен қолжетімді ету, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары ауданымызда жүйелі түрде іске асуда. Соның нақты нәтижесі ретінде бүгін пайдалануға беріліп отырған осы спорт алаңын атап өтуге болады», – деді аудан әкімі. Ашылу рәсімінен кейін балалар футбол добын сыйлыққа алып, жаңа алаңда алғашқы жаттығуларын жасады. Сонымен қатар жас спортшылар Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лориядан қолтаңба алып, өздеріне тарту етілген доптарға оның қолтаңбасын естелік ретінде жаздырды. FIFA Arena жобасы Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асып, балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Жаңа футбол алаңы Хромтау жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, болашақ чемпиондардың алғашқы қадамын бастайтын ордаға айналмақ.

💫 Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады 🇰🇿 Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. ✔️ Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. ✨ Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: * «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы; * «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы; * «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады. 🔎 Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет. 📌 Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

📐✨ 17 қазан күні мектебімізде “Алтын түлек” математикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті! ⠀ 10-11 сынып оқушылары математикадан білімдерін сынап, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Олимпиада қатысушылары үлкен қызығушылықпен қатысып, логикалық ойлау мен есеп шығару дағдыларын шыңдады. ⠀ Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. ⠀ 📚 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 📊 Аудандық кезеңде сәттілік тілейміз!

17 қазан сағат 15.00 де №4 Хромтау орта мектебінде “ Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу: мектеп пен отбасының бірлескен жауапкершілігі” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың негізгі түрлерімен таныстыру. - Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру; - Мектеп пен отбасының бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын түсіндіру; - Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру арқылы заңға бағынышты, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру; - Ата-аналарды құқықтық сауаттылыққа баулу және баламен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын көрсету. Жиналысқа шақырылған қонақтар: Отаров Ш.Т- Хромтау ауданының білім бөлімінің басшысы Елеусизов А.Б.- Хромтау прокуратурасының прокуроры Мырзагелдин К.Т..- Хромтау аудандық полиция бөлімінің подполковнигі Рахметова Ж.М - Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысыЖиналысты мектеп директоры Ешкеева А.Т. бастады. Өз баяндамасында мектепте құқықбұзушылықтың алдын алудың өзектілігі туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, Құқықтық білім мектебінің жетекшілері Нугиманова М.К., Бердалина М.Н. «Ата-аналардың заң алдындағы жауапкерщілігі» тақырыбында дәріс оқыса, Баяндин Ж.С. – «Даналық мектебі»клубының мүшесі: бала тәрбиесі туралы өмірден түйгенін баяндады. Жиналыс барысында, келген қонақтарға да сөз берілді.

📣 Мектебіміздің жаңалығы! ⠀ 🏛️ «Болашақ» мектеп парламенті президентін сайлау өз мәресіне жетті! ⠀ 🗳 Сайлау нәтижесі бойынша Аймұханова Жазира оқушылардың сенімін ақтап, мектеп президенті болып сайланды! ⠀ 👏 Жазираны шын жүректен құттықтаймыз! ⠀ ✨ Жаңа идеялар мен игі бастамаларға толы, жауапкершілігі жоғары жұмыс тілейміз!

📣 «Болашақ» мектеп парламенті президенттік сайлауы! 🗳️ Бүгін мектебімізде мектеп парламентінің президенттік сайлауы өтті! Оқушылар өз таңдауларын жасап, үміткерлерге қолдау көрсетті. 🏫🎉 ✨ Президенттікке үміткерлер: 1. Жайылханова Аида (10 «А») 2. Мұсаева Бақытгүл (10 «Б») 3. Урынбасарова Наргиза (10 «Б») 4. Күлдеева Тамирис (11 «Б») 5. Марауан Аруна (11 «Б») 6. Хасенов Даулет (11 «Б») 7. Аймұханова Жазира (10 «Ә») Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта мектеп өмірін жақсарту үшін бірге жұмыс істейміз! 💪

📚 Құттықтаймыз! Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Нугыманова Мансия Князбаевна білім саласындағы үздіксіз адал еңбегі үшін Ақтөбе облысы әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталып, 100 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды! Ұстазымыздың білім беру саласына қосқан еңбегі жоғары бағаланып отыр. Шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌟

Әрбір ұстаз - жүрек жылуын арнаған, шынайы мейірім мен білімнің шырақшысы. Сондықтан бүгінгі Ұстаздар күні – тек білім ордаларында емес, бүкіл ел көлемінде қадірленуге лайық ерекше мереке. 💫 Қай кезеңде болмасын, ұстаздың еңбегі - ұлттың болашағына бағытталған ұлы іс. Сіздер - әр шәкірттің жүрегінен орын алған, өмір жолына нұр шашқан ұлы тұлғасыздар. Бүгінгі мерекеде: – Ұрпақ тәрбиесіне қосқан еңбектеріңіз үшін, – Шәкірттерге берілген мейірім мен білім үшін, – Қоғамға көрсеткен үлгі мен өнеге үшін әрқайсыңызға бас иемін! Ұстаздық жол - сабыр, төзім, сүйіспеншілік пен шексіз жауапкершілік жолы. Сол жолда аянбай тер төгіп жүрген барша әріптестеріме шын жүректен алғыс білдіремін. Ұстаздар күні құтты болсын! Ізгі тілекпен, №4 Хромтау орта мектебінің директоры — А.Т. Ешкеева.

🎉 Құттықтаймыз! Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Мирманова Гүлдана Ибраевна Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды! 📚 Ұстаздың тынымсыз еңбегі мен шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі жоғары бағаланып отыр. Ұлағатты ұстазымызға шығармашылық табыс, кәсіби биіктер тілейміз!

🎉 Хромтау – 90 жыл! Осы айтулы мереке аясында мектебіміздің үздік ұстаздары арнайы мерейтойлық төсбелгімен марапатталды. Бұл марапат — ұзақ жылдық адал еңбектің, шәкірт жүрегінен орын алған ұстаздық жолдың нақты бағасы деп білеміз. ✨ Құрметке лайықты ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, абыройларыңыз асқақтай берсін!

Ұстаздар күніне орай мектебіміздің бірқатар мұғалімдері кәсіподақ ұйымының атынан марапатталды. Бұл марапат – ұзақ жылғы еңбектің, кәсіби біліктілік пен адал қызметтің белгісі. Ұжымды қолдап, әрдайым әділ бағалай білетін кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз! 📚 Құрметті ұстаздар, еңбектеріңіз жана берсін, жетістіктеріңіз көп болсын!

📚✨ Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! ✨📚 Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерге шын жүректен алғыс айтып, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің білім мен тәрбиедегі өлшеусіз еңбектеріңіз – ұлт болашағының іргетасы! 🌟 Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірттеріңіздің биік белестері мен құрметіне бөлене берулеріңізді тілейміз! 📸Челленджді №3 Хромтау орта мектебінен зор ықыласпен қабылдап, №5 гимназиясына жолдаймыз!

📢 Педагогтерді жұмысқа қабылдау туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес, педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурстық тәртіппен* жүргізілді. 🔎 Конкурс нәтижесінде келесі үміткерлер лауазымға лайық деп танылды және жұмысқа қабылдауға ұсынылды: - Абдикалыкова Инабат Мейрамбекқызы – дефектолог - Тынымбекова Бибінұр Арыстанбекқызы – мектепке дейінгі оқыту - Үттібаева Фарида Қойшыбекқызы – тарих пәні - Айтқали Аида Жасұланқызы – бастауыш сынып мұғалімі - Әбдікәрім Орынша Әмірханқызы – ағылшын тілі - Канибаева Аружан Бағланқызы – аға тәлімгер - Артурқызы Бекзат – математика пәні - Ильясова Жайнагүл Жанатовна – психолог - Измаганбетова Альбина Сегізбайқызы – психолог - Ғалымқызы Нұршат – ағылшын тілі - Мусина Аяжан Ерлановна – география пәні - Аминов Саясат Ерікұлы – дене шынықтыру пәні - Туғанова Эльмира Турлбаевна – биология пәні - Иманбаева Маржан Якиевна – мектепке дейінгі оқыту - ⁠- Мирманова Айгүл Сейлхановна – көркем еңбек пәні - Төреғалиева Әсия Ізбасарқызы – ағылшын тілі 🎉 Жаңа қызметке қабылданған әріптестерімізді құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Хромтаудағы №4 мектеп жаңа кейіпке еніп, FIFA стандартына сай алаң салынуда Хромтауда облыс әкімі толықтай жаңарған №4 орта мектепке барды. Мектеп аумағында FIFA стандарты бойынша салынатын жаңа футбол алаңының құрылысын бағамдады. Жаңа спорт нысаны халықаралық FIFA Arena бағдарламасы аясында бой көтеруде және Хромтауда салынуы жоспарланған төрт алаңның бірі болмақ. Жоба аясында сертификатталған жасанды жабын төселіп, заманауи қоршаулар орнатылады. Бұл оқу мен жаттығу процесін ұйымдастыруға қойылатын халықаралық талаптарға толық сай келеді. Әкімнің айтуынша, мектеп базасында сапалы спорттық инфрақұрылым құру – Президент Жолдауында айтылған жастар арасында бұқаралық спортты дамытудың маңызды бөлігі. Сонымен қатар, ол жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына және дене тәрбиесін жетілдіруге ықпал етеді. №4 мектеп 1970 жылы салынған және Хромтаудағы ең ірі білім беру мекемелерінің бірі саналады. Білім ошағы 1 500 оқушыға арналғанымен, бүгінде мұнда 1 640 бала білім алады. Мектепте STEM зертханасы ашылып, физика, химия, биология және информатика кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектеп ашылғалы бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Мердігер ұйым – «Алихан Ойл» ЖШС шатырды ауыстырып, жаңа терезе жақтауларын орнатып, ғимараттың сыртын металл сайдингпен қаптады. Еске сала кетейік, Асхат Шахаров №4 мектепте 2023 жылы болып, білім ордасына күрделі жөндеу жүргізуді тапсырған болатын. Ұстаздар мен ата-аналар оның назар аударып, қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіріп, мемлекеттік бағдарламалар мен өңір басшылығының жеке бақылауымен балалар заманауи, жайлы жағдайда оқып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алғанын атап өтті. 

Назар аударыңыз! Баршаңызды мектебімізде өтетін мектеп президенті сайлауына белсене қатысуға шақырамыз! 🗳 Бұл – өз таңдауыңды жасап, көшбасшыны қолдаудың сәті! Дауыс беру арқылы сен мектебіңнің болашағына үлес қосасың! 📍 Өтетін күні: 22.09.2025 ⏰ Уақыты: 11:00 📌 Орны: 1 қабат Белсенді бол – болашақ сенің қолыңда!

✨ №4 Хромтау орта мектебінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жаңа оқу жылы – жаңаша көзқарас» атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 🔹 Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1️⃣ «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізілу алгоритмі 2️⃣ «Жол қауіпсіздігін сақтау мәселелері» 3️⃣ «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы 4️⃣«Білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы травляның (буллингтің) алдын алу бағдарламасы – «Досbolike» 🌿 Жиналыс барысында ата-аналарға маңызды бағыттар түсіндіріліп, жаңа оқу жылындағы жоспарлармен таныстырылды. 🤝 Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – оқушы жетістігінің кепілі. Жаңа оқу жылымыз сәтті болсын! 🌟

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті 8 қыркүйек күні мектебімізде «Оқушылардың зайырлылық қағидаттарын нығайту, қылмыстың алдын алу, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан қорғау» тақырыбында маңызды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға *Хромтау аудандық дін істері орталығының басшысы, теолог Бегімбетов Досхан Әлімханұлы* қатысып, оқушыларға *діни экстремизмнің алдын алу*, *деструктивті ағымдардың белгілері*, және *зайырлы қоғам құндылықтары* туралы кеңінен мағлұмат берді. Кездесу барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, дұрыс ақпарат көзін таңдай білу және радикалды идеологиядан аулақ болу қажеттілігі жайлы нақты мысалдармен түсіндірілді. ✅ Бұл іс-шара оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс» деген сөзі – білім беру жүйесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. 🔹 Қазіргі заманда жасанды интеллект күнделікті өмір мен түрлі салада кеңінен қолданылып жатқанын ескерсек, бұл бастама дер кезінде көтеріліп отыр. 🔹 Мектеп оқушыларына ІТ, алгоритм, цифрлық сауаттылық қана емес, жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу мәдениетін, жауапкершілігін де үйрету аса маңызды. 🔹 Бұл бағыттағы жұмыс мектептерде арнайы курстар, жобалық жұмыстар, пәндік интеграциялар арқылы жүзеге асырылуы тиіс. 📌 Біз өз тарапымыздан мұғалімдердің цифрлық құзіретін арттырып, оқушыларды болашақтың технологияларына бейімдеуге дайынбыз. №4 Хромтау орта мектебінің директоры Ешкеева А.Т.

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған "Мектебім- мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Хромтау ауданының әкімі Т.Н. Тілеумұратов және аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Т. Отаров қатысты. Аудан әкімі Т.Н. Тілеумұратов мектептің жөндеу жұмыстарына елеулі үлес қосқан мердігер мекеме өкілдеріне алғыс хат табыстады. Білім беру инфрақұрылымын дамытуға қосқан зор үлестері үшін алғыс білдіре отырып, аудан басшысы мердігерлердің жауапкершілігі мен сапалы жұмысына оң бағасын берді. Жиын соңында оқушылар өз сынып жетекшілерімен алғашқы «Білімге қадам» атты тәрбие сағатына аттанды. Жаңа оқу жылы құтты болсын! Табысқа толы, жемісті жыл болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді еліміздің ең маңызды мейрамдарының бірі — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз — тәуелсіз мемлекетіміздің берік негізі, халқымыздың бірлігін, құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін басты құжат. Конституция — еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Конституция күні құтты болсын! Ізгі тілекпен, №4 Хромтау орта мектебінің директоры Ешкеева А.Т.

Педагогикалық кеңес өтті Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылына дайындық мақсатында педагогикалық кеңес өтті. Жиында алдағы міндеттер, оқу-тәрбие процесін жетілдіру жолдары және жаңартылған білім мазмұны аясындағы жұмыс бағыттары талқыланды. Ұжым бірлесе отырып, сапалы білім беру мен тәрбиелеу жолында маңызды шешімдер қабылдады. Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

? *Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: ? Бос орындар: ? Математика тілі пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;Музыка пәні мұғалімі -2 орын (оқыту тілі орыс тілі);Талаптар: ? Педагогикалық жоғары білім ? Жауапкершілік, креативтілік ? Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы ? Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі ? Байланыс: +7 771 182 43 40

 ? *Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: ? Бос орындар: ? Музыка пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Мектепке дейінгі даярлық пәні мұғалімі — 2 орын (екі тілде); ? Педагог-логопед — 1 орын (екі тілде). Талаптар: ? Педагогикалық жоғары білім ? Жауапкершілік, креативтілік ? Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы ? Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі ? Байланыс: +7 771 182 43 40

? *Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: ? Бос орындар: ? Математика тілі пәні мұғалімі — 3 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Технология пәні мұғалімі — 2 орын (екі тілде); ? Ағылшын тілі пәні мұғалімі — 2 орын; ? Физика пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Биология пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі). Талаптар: ? Педагогикалық жоғары білім ? Жауапкершілік, креативтілік ? Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы ? Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі ? Байланыс: +7 771 182 43 40

⚜️”МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ⚜️ «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Акцияның басталуы 2025 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы - 2025 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.

? *Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: ? Бос орындар: ? Ағылшын тілі пәні мұғалімі — 4 орын; ? Жаһандық құзіреттілік мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Педагог-психолог — 2 орын (екі тілде); . Талаптар: ? Педагогикалық жоғары білім ? Жауапкершілік, креативтілік ? Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы ? Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі ? Байланыс: +7 771 182 43 40

? *Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: ? Бос орындар: ? Технология тілі пәні мұғалімі — 2 орын (ер балалар, қыз балалар, екі тілде); ? Тарих пәні мұғалімі — 2 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? География пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Физика пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Информатика пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі).? Аға тәлімгер - 1 орын (екі тілде),Бастауыш сынып мұғалімі - 1 орын(оқыту тілі қазақ тілі)Талаптар: ? Педагогикалық жоғары білім ? Жауапкершілік, креативтілік ? Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы ? Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі ? Байланыс: +7 771 182 43 40

? *Бос жұмыс орындары! Құрметті ұстаздар! №4 Хромтау орта мектебі келесі пәндер бойынша білікті мамандарды жұмысқа қабылдайды: ? Бос орындар: ? Дене шынықтыру пәні мұғалімі — 2 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Музыка пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Биология пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Химия пәні мұғалімі — 1 орын (оқыту тілі орыс тілі); ? Математика пәні мұғалімі — 4 орын (екі тілде).

Талаптар: ? Педагогикалық жоғары білім ? Жауапкершілік, креативтілік ? Озық әдіс-тәсілдерге бейімділік Ұсынылады: ✅ Заңға сай жалақы ✅ Ұйымшыл ұжым ✅ Қолайлы еңбек жағдайы

? Мекенжай: М. Әуезов көшесі, 5. №4 Хромтау орта мектебі ? Байланыс: +7 771 182 43 40

 2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды. Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады. Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады. Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда. Конкурсқа қатысуға шақырамыз!

⚜️ЖАЛПЫМЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ⚜️ “№4 Хромтау орта мектебі» КММ-де кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында «Бала тәрбеисіндегі жауапкершілік және қауіпсіздік» тақырыбындағы жалпымектептік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директоры Ешкеева А.Т., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муканова А.Ж. тарих пәнінің мұғалімі Нугманова М.К., әлеуметтік педагог Мустафина А.У. қатысып, бүгінгі таңда кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарға, кәмелетке толмағандар арасындағыкешкі көшеде жүру, оқушылар арасындағы қылмыстар және т.б. өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті күшейту керектігін ескертіп, бірқатар заңнамаларға тоқталды. Жиналыстың күн тәртібі бойынша мектеп директоры Ешкеева А.Т. «Мектеп алаңындағы қауіпсіздік» тақырыбында мектеп айналсындағы жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына орай қауіпсіздік шараларын күшейту мен қатар сақтық шараларын айтып түсіндіріп өтті. Тәрбие ісінің орынбасары Муканова А.Ж. «Мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі» тақырыбында ата-аналарға Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата – аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Тарих пәнінің мұғалімі Нугманова М.К. “Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың заңды жауапкершілігі олардың мектептегі және өмірдегі жетістіктерінің кепілі” тақырыбында ата-аналарды мектеп оқушыларына қатысты бірнеше заңдармен таныстыра отырып, жауапкершіліктерді де еске сала кетті.

? 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады ✍? Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап. ? ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады. ? Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі: 1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші; 2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты; 3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана) ✔️ Шетел азаматтары үшін: Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек. ? Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. ?‍?‍?‍? Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!

⚜️КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ⚜️ Кәсіподақ ұйымы білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында облыстық ұйымның Жарғысына, Ережелерге және жұмыс жоспарына сәйкес қызмет етіп келеді. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес жылда Кәсіподақ ұйымы төрағаларының жылдық есебі беріледі. 28 наурыз күні мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Н. Искендиров жылдық есебін берді. Асет Набимагамбетович өз есебінде, 1 жыл бойына кәсіподақ ұйымы атқарған іс-шаралар жайлы толық баяндады.

⚜️ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ⚜️ 20 наурыз күні педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде: - Оқу-тәрбие жұмысы бойынша 3 - тоқсанда атқарылған жұмыстарды қорытындылау және талдау; - ⁠Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізу туралы ақпарат; - ⁠11 сынып оқушыларынан алынған тесттің қортындысыны сараптама жасау. Бітіруші сыныптардың ата-аналарымен атқарылған жұмыстар туралы. Мектеп бітіруші 11-сыныптың үздік оқушыларын “Алтын белгі” белгісіне және “Үздік аттестат” алуға, 9-сыныптың үздік оқушыларын “Үздік куәлік” алуға ұсыныс беру туралы (9,11 сынып білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтиханнан босату туралы); - ⁠Мектеп үйірмелер мен секциялкр жұмысының тиімділігі.

⚜️МЕКТЕП ҰЖЫМЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА⚜️

? Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады? ? Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. ? Сколько дней отдохнут казахстанские школьники на весенних каникулах? ? Приближается завершение третьей четверти. Весенние каникулы в казахстанских школах продлятся 11 календарных дней — с 21 марта 2025 года по 31 марта 2025 года включительно. Об этом сообщает пресс-служба Министерства просвещения РК

⚜️АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!⚜️

⚜️ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!⚜️ Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Елордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

⚜️АТА-АНАҒА МЫҢ АЛҒЫС!⚜️ 1 наурыз – Қазақстанда ерекше мәні бар күндердің бірі. Бұл күннің тарихы тереңде жатыр, әрі оның ұлтымыз үшін маңызды мағынасы бар. Алғыс айту күні – халқымыздың тарихында ерекше орын алатын, әр адамның жүрегінде үлкен орын қалдыратын күндердің бірі. Бұл күн тек мереке емес, сонымен қатар халқымыздың бірлігін, достығын, түсіністігін арттыратын маңызды күн. Осы мерекеге орай, мектеп өміріне белсене араласып қолдау көрсететін барлық ата-атаналарға алғыс айтқызымыз келеді! Кең пейілді, жаны жұпар, жанұяға жылу болған ата-аналарымызға он сегіз мың ғаламның жақсылығын, дүниенің шуағын, мың ғаламның жақсылығын, дүниенің шуағын, өмірдің қызығын тілейміз!

⚜️АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ⚜️ 21 ақпан күні №4 Хромтау орта мектебінің базасында Хромтау ауданының аумақтық білім беру орталығы “№4 Хромтау орта мектебі” КММ құзіреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: ӘДІЛ СӨЙЛЕП, АДАЛ ЖҮР, МҰРАТЫҢА ЖЕТЕСІҢ» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның спикерлері: - Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. - Сайфунов Бауыржан Насырдинұлы; - ⁠ ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ҚР мәртебелі маманы, «Алтын алқа» иегері, «Анаға тағзым» орталығының медиаторы - Әбділдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы; - Хромтау аудандық педагогика саласының ардагерлері кеңесінің төрағасы - Серік Ізтілеуұлы Ізтілеуов; - ⁠Хромтау аудандық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі - Аманғалиева Нұргүл Жолмұратқызы; - ⁠Хромтау аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы - Сағынжанұлы Айбол; - ⁠«№4 Хромтау орта мектебі» КММ директоры - Ешкеева Айгүл Төлеуқызы.

⚜️”АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ - ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ” ЧЕЛЛЕНДЖІ⚜️ Абай шығармалары жас ұрпақты өз халқына қызмет етуге шабыттандырады, мәдениет арқылы ағартушылыққа, білімге, ұлттардың дамуына деген ұмтылысты қолдайды. “Балалар кітапханасы” және “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай, “Абай даналығы- халық мұрасы” тақырыбында өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқу челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты: Қазақтың бас ақыны, дара, дана Абайдың өлеңдерінің, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. “Сөз патшасы - өлең” құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу. “Абай даналығы- халық мұрасы” атты челленджді №3 Хромтау орта мектебінен қабыл алып, №5 Хромтау гимназиясына жолдаймыз.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ⚜️ 11 ақпан күні Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Колкабаев Бекмурат Терекбаевич күрделі жөндеумен қатар жүргізілетін модернизация жұмыстары қарсаңында N4 Хромтау орта мектебінің материалдық-техникалық базасының жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

⚜️ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНДЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ⚜️

⚜️РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ⚜️ 2025 жылдың 5-8 қаңтар күндері Актөбе қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 класс оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.Біздің мектептен 9 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. - Күльназаров А, - 2 орын., жетекшісі: Сафина Г.Г.; - ⁠Нарожная А - 2 орын., жетекшісі: Нугыманова М.К.; - ⁠Шайманов Б - 2 орын., жетекшісі: Бердалина М.Н.; - ⁠Шуиншалы А - 3 орын., жетекшісі: Сатаев Е.А.; - ⁠Әшірбекова Н - 3 орын., жетекшісі: Искендирова А.И. Оқушыларды және жетекшілерін құттықтаймыз!?

⚜️ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ⚜️ 8 қаңтар күні мектебімізде педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі сұрақтар: - “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалардың орындалуы. Тәрбие жұмысының талдауы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Утешова А.К.; - ⁠Мектеп педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыруға байланысты атқарылған шаралар есебін тыңдау, аттестациялау, білім жетілдіру курстарынан өту, өз білімдерін жетілдіру мониторингісін талдау; - ⁠2024-2025 оқу жылы шығарылатын авторлық бағдарламалар, әдістемелік құралдар, электрондық оқу құралдары тізімін талқылау; - ⁠Жас мамандарды кәсіби қалыптастыру мен тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастыру. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Жуменова З.Е.; - ⁠Пән мұғалімдерінің үлгерімі төмен оқушылармен жұмысын зерделеу қорытындысы; - ⁠Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейі,тоқсандық білім сапасын талдау. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Қолғанат Р.Ж., Кулшина М.К., Исаева А.Ж.; - ⁠Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша мектеп жұмысын талдау; - ⁠Ата - аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыру. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Муканова А.Ж.; - ⁠Басқа сұрақтар.

 

   

Директор блогы  

1 (1)

Мектеп директоры

 Ешкеева Айгуль Тулеуовна

   
© Хромтауская средняя школа №4

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09