Елтаңба  

   

 

   

✨ «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауының мектепішілік кезеңі өтті! ✨ Мектебімізде дарынды оқушылар мен кәсіби шебер ұстаздардың басын қосқан мазмұнды әрі әсерлі байқау ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар өз білімін, шығармашылығын, жаңашылдығын және педагогикалық шеберлігін көрсетті. Әрбір ұстаз – шәкірт жүрегіне жол таба білген, ал әрбір дарынды бала – болашаққа сенім сыйлаған жарқын жұлдыз екенін дәлелдеді. 👏 Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! 🏆 Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

«№4 Хромтау орта мектебі» КММ – нде «Заң және тәртіп» құндылығы аясында «Жасөспірім және заң»облыстық профилактикалық онкүндігінің жоспарына сәйкес, 1- күн онкүндіктің ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға онкүндіктің мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріліп, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Оқушылар арасында құқықтық тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, танымдық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, “Болашақ” МП-нің “Тәртіп және құқық” фракциясының мүшесі Тайболат Кәусар өз жоспары мен алдағы жұмыс бағыттары туралы бөлісті.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында “Кітап кейіпкерлері” атты байқау ұйымдастырылды. Байқау үш номинация бойынша өткізілді: 1. “Кітап кейіпкерін суреттеймін” 2. “Кейіпкер дауысы” 3. “Сүйікті кейіпкер” Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оқушылар байқауға белсенді қатысып, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Мектебімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті 🇰🇿 Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер айтып, тәуелсіз елдің тарихын дәріптейтін көріністер қойды. Бұл күн - ата-бабаларымыздың ерлігі мен азаттық жолындағы күресінің жемісі. 🌟 Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

«Айтыс – ұлттық өнер» облыстық семинары өтті 2025 жылғы 12 желтоқсан күні Хромтау қаласындағы №4 орта мектеп базасында «Shabyt Shyny» Ассоциациясының ұйымдастыруымен, шығармашылық бағыттағы педагогтерге арналған «Айтыс – ұлттық өнер» тақырыбындағы облыстық семинар офлайн және онлайн форматта қатар ұйымдастырылды. Zoom платформасы тікелей трансляция арқылы жүргізілді. Шараның мақсаты – айтыс өнері арқылы оқушылардың шешендік қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұстаздардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Семинар барысында: - Нұрболат Даутов – оқушылардың өлеңге қызығушылығын арттыру жолдарын, - Оралбай Қометия – суырып салма ақындыққа тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін, - Айболат Қошкінбай – айтыстағы тапқырлық, жауаптасу мен тиiсудің ерекшеліктерін, - Айбол Сағынжанұлы – қазіргі айтыстағы әлеуметтік ой мен сатираны оқушыларға үйрету жолдарын ұсынды. Семинар соңында шараға белсенді атсалысып, тәжірибе бөліскен спикерлерге «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының сертификаттары табысталды. Сондай-ақ, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жағдай жасап, қолдау білдіргені үшін Хромтау №4 мектеп директорының атына «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚҚБО-ң алғыс хаты ұсынылды. Мұндай игі шаралар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға, жас ұрпақты ұлттық өнерге баулуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, ұстаздар тәжірибе алмасып, әдістемелік қолдауға ие болды.

№4 Хромтау орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Халықаралық еріктілер күніне арналған ерекше шара өтті. ✨ Бүгін мектеп оқушылары салтанатты түрде еріктілер қозғалысының құрамына қабылданды. Бұл – жауапкершілікке, қайырымдылыққа, қоғамға қызмет етуге бағытталған үлкен қадам. 💛 Жас еріктілер алдағы уақытта мектеп пен қала көлеміндегі әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, өз үлестерін қосатын болады. 🌱 🤝 Ерікті болу – жүректен басталады!

📅 2 желтоқсан күні мектебімізде «Педагогикалық идеялар» республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. 🔬 Шығармашыл ұстаздар өз пәндік ерекшеліктеріне сай тың идеялар ұсынып, заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісті. 💡 Фестиваль нәтижесінде педагогикалық идеяларымен ерекшеленіп көзге түскен келесі мұғалімдер аудандық кезеңге жолдама алды: ▪️ Тнымбай Е.Ғ – физика пәні мұғалімі ▪️ Абдикалыкова И.М - педагог-логопед ▪️ Мусина А.Е - геограйия пәні мұғалімі ▪️ Жумагалиева А.К - бастауыш сынып мұғалімі 👏 Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!

Бүгінгі игі шара — ерекше білім беруді қажет ететін 30 балаға GPS-трекерлер табыстау рәсімі 4 Хромтау орта мектебінің базасында өтті. 🔹 Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Бүлбүл Күзембаева қатысып, ата-аналармен кездесті. Балаларға қолдау көрсету, олардың мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіпсіз ортаны қалыптастыру жайлы маңызды мәселелер талқыланды. ⠀ 🔹 Сонымен қатар, ата-аналар пайдалы ақпарат алып, қолдау көрді. Жас өнерпаздардың өнері шараның шырайын кіргізіп, қонақтардың көңілін көтерді. ⠀ 🌟 Іс-шара мектебіміздің базасында өткеніне қуаныштымыз. Әрдайым осындай маңызды бастамаларды қолдауға дайынбыз!

📌 Профилактикалық кездесу 2025 жылғы 7 қараша күні №4 Хромтау орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі” тақырыбында түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында: 🔹 ДТЖЖО А.Ж. Муканова оқушыларға қылмыстық жауапкершілік, құқықтық мәдениет пен заң алдындағы жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берді. 🔹 Мектеп директоры А.Т. Ешкеева жалпыадамзаттық құндылықтар мен тәрбие туралы әңгіме өрбітті. 🔹 “Шапағат” әкелер клубының мүшесі Бекмухамбетов Р. отбасыдағы сыйластық, ата-ананың рөлі және бала тәрбиесіндегі жауапкершілік жайлы ой бөлісті. Бұл кездесу оқушыларға саналы тәрбие мен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды. Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс!

📌 Тәжірибе алмасу отырысы 2025 жылғы 4 қараша күні директор орынбасарлары Жуменова З.Е мен Ермуханова А.Ж. ұйымдастыруымен “Олимпиадаға оқушыларды дайындаудың тиімді тәсілдері” атты тәжірибе алмасу іс-шарасы өтті. 🔹 Пән мұғалімдері Сафина Г.Г, Нугыманова М.К, Бердалина М.Н, Искендирова А.И. өз тәжірибелерімен бөлісіп, 🔹 Олимпиадалық дайындықтың әдіс-тәсілдерін, 🔹 Оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ортаға салды. 📚 Бұл отырыс мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасу алаңы ретінде маңызды рөл атқарды.

“Үйде оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар” тақырыбында семинар өтті. 🔹 Семинар барысында қатысушыларға үйде оқытудың құқықтық негіздері түсіндірілді; 🔹 Іс-қағаздарын жүргізу талаптары мен рәсімдері талқыланды; 🔹 Оқушының дамуын бақылау құралына қатысты нақты ұсыныстар берілді. 🔍 Мұндай семинарлар мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін арттыруға және оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған.

Республика күніне арналған “Қазақстан туған елім,ұлы өлкем”тақырыбында іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар мен мұғалімдер еліміздің тарихына, жетістіктеріне және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған көріністер, өлеңдер мен әндер орындады. Іс-шара елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттырып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатты. 🇰🇿 Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің символы! Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақ елінің өткені мен бүгініне құрметпен қарап, болашағына сеніммен қарайды.

🇰🇿 “Қыран елім – Қазақстаным!" патриоттық акциясы №4 Хромтау орта мектебінде 25-қазан – Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты патриоттық акциясы өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалып, оқушыларға патриоттық рух, елге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет сынды құндылықтар насихатталды. Мақсаты – елін, жерін сүйетін, дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін, Отанын мақтан тұтатын саналы ұрпақ тәрбиелеу. 🇰🇿 Жүрегінде елі бар жас – ел болашағы!

Челлендж “Менің Қазақстаным” Республика күнімен құттықтаймыз! 🇰🇿 №4 Хромтау орта мектебінің оқушылары Республика күніне арналған челленджге белсене қатысты, №3 Хромтау орта мектебінен эстафетаны қабылдап, №5 Хромтау гимназия мектебіне эстафетаны тапсырады.

Мектебімізде 9–11-сынып оқушылары арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты тағылымды әдеби кеш өтті. ⠀ Кеш барысында оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның терең ойлы өлеңдері мен қара сөздерін әсерлі жеткізді. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінділер оқылып, пікір алмасты. ⠀ Оқушылар рухани байып, ұлы ойшылдың мұрасына жақындады. ⠀ 📌 Кешті ұйымдастырған: Нұрлыбаева Г.Б., Имашева А.А.

.📊 2025 жылғы 17 қазан күні мектебімізде “Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік” тақырыбындағы 9–11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. ⠀ 🔍 Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың қаржы әлемі туралы білімін арттыру, қауіпсіздік ережелерін дұрыс түсініп, саналы шешім қабылдай білуге үйрету. ⠀ 📌 Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңге жолдама алды. ⠀ 👏 Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! ✨ Жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз!

Мектебімізде «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында мектеп ұстаздарына арналған ерекше семинар өтті. Бұл семинар ұстаздар үшін ерекше әсерлі өтті. Ұстаздар балалық шақтағы қызықты сәттерін еске алып, сол кезеңге бір сәтке қайта оралғандай болды. Әр ұстаз – ең алдымен бала болған. Сол балалықты еске алу – оқушыны тереңірек түсінуге жол ашады. Осындай шаралар ұстаздың жүрегіне жылу, жұмысына шабыт сыйлайды.

Бүгін мектебімізде жас мамандармен бірге ғылыми жобалар жазу бағытында тәжірибе алмасқан мазмұнды отырыс өткізілді. Отырыстың басты мақсаты — жас мамандарды ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымымен, мазмұнымен және әдістерімен таныстырып, жоба жазу машықтарын дамытуға бағыт беру.Шара барысында: 🔹 Ғылыми жоба құрылымы 🔹 Тақырып таңдау әдістері 🔹 Зерттеу жүргізу жолдары 🔹 Қорғауға дайындалу қадамдары талқыланды. Осындай шаралар олардың кәсіби және ғылыми тұрғыда дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз.

Бүгін мектебімізде “Білім беру қабілеті ерекше оқушыға бағдарламаны қалай құруға болады?” тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды. ⠀ 🔹 Семинар барысында: - Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттесуінің алгоритмі таныстырылды; - ⁠Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамаларын талдап, дұрыс қолдану жолдарын қарастырылды; - ⁠Ерекше қажеттілігі бар балаларға жеке және бейімделген оқу бағдарламасын жасау жолдарын практикалық түрде көрсетілді. Семинарды өткізген: ДОІЖО - И.Т. Морозова. ⠀ 🔍 Инклюзивті білім беру — әр балаға тең мүмкіндік пен қолдау көрсету жолы. ⠀ 📚 Осындай семинарлар тәжірибе алмасуға, кәсіби өсуге және балаларға сапалы білім беруге ықпал етеді.

2025 жылғы 8 қазан күні мектебімізде 9-10 сынып білім алушылары арасында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың мектепішілік кезеңі өтті. Конкурс екі тур бойынша өткізіледі: I тур — «Қазақстан тарихы» пәнінен тестілеу; II тур — төрт номинация бойынша жобаларды қорғау: Білім алушылар өздерінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, тарихқа деген қызығушылығын танытып, білімдерін ортаға салды. ✨ Үздік шыққан қатысушылар келесі кезеңге жолдама алды. Барша жас тарихшыларға аудандық кезеңде сәттілік тілейміз!

Ұстаздық ғұмыр – мәңгілік мұра: Жанымызда болмаса да, жүрегімізде сақталған жандарға тағзым!

Ұмытылмас ұстаздар рухына тағзым Мектебімізде ұзақ жылдар еңбек еткен, бүгінде өмірден өткен ұстаздарды еске алу кеші өтті. Ізгілік пен парасат иелерін еске алып, олардың еңбегі мен жарқын бейнесі жайлы естеліктер жаңғырды. Ұстаз есімі – мәңгі жүректе сақталады.

Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті!✨ Мектебімізде ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен әсем әндерге толы ерекше кеш ұйымдастырылды. Оқушылар мен жас мамандар өз өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды тілектерін арнады. Шара барысында ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ұстаз – мәңгі шырақ жағатын шам! Барша ұстаздарымызды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

3 қазан күні мектеп қабырғасын ерекше жылулық пен қуаныш кернеді. Оқушылар 1-қабатта ұстаздарын ақжарма тілектерімен қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұстазға деген шынайы құрметтің көрінісі осы сәттерде анық байқалды.

📌 Өзін-өзі басқару күні Бүгін мектебімізде дәстүрлі Өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды! Бұл күн – оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттырып, жауапкершілік пен ұйымшылдықты сезінуге мүмкіндік беретін ерекше күн. 🔄 Оқушылар бір күнге мұғалімдер мен әкімшілік қызметкерлерінің рөлін атқарып, мектеп өміріне белсене араласты. ✨ Шара оқушыларға үлкен мотивация, ұстаз еңбегін бағалауға мүмкіндік сыйлады.

📚 "Махамбет оқулары" – Рухты поэзия бәйгесі 🇰🇿 №4 Хромтау орта мектебінде 9-11 сыныптар арасында ұлы ақын, ержүрек батыр Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі "Махамбет оқулары" байқауының мектепішілік кезеңі өтті! 📝✨ 🔹 Байқаудың мақсаты: Оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ұлттық рух пен елжандылық сезімін қалыптастыру. 💬💛 🏆 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар аудандық кезеңге жолдама алды! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз! 🌟 Ұлт рухын көтеретін өлеңдер – жүрекпен оқылады!

📌 №4 Хромтау орта мектебінде ✨ «ДосболLike» бағдарламасына сәйкес – БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ұйымдастырылды! 🤝 Біздің оқушыларымыз достық пен сыйластықты қолдап, #БуллингкеҚарсыЧеллендж бастады! Әрбір қатысушы өз қимыл-қозғалысы арқылы жеке «рухын» бейнелеп, соңында барлығы біртұтас финалға бірікті. 💡 Шараның мақсаты – жастарды буллингтен қорғау, бір-біріне қамқор болуға шақыру және қауіпсіз мектеп қалыптастыру. 🔗 Бізбен бірге бол!

🌟 Ашық микрофон – балалардың шынайы жүрек сөзі 🌟 Бүгін мектебімізде – Ашық микрофон. 🎤өткізілді Оқушыларға және мұғалімдерге сұрақтар қойылды: ✨ «Мектептегі алғашқы 2 аптаң қалай өтті?» ✨ «Мені мектепте бақытты ететін не?» Оқушыларымыздың жауаптары жүрекке жылы тиді 💖 Біреуі – достарымен табысқанына қуанды, біреуі – жаңа нәрселерді үйренгеніне шаттанды, тағы бірі – мұғалімінің қолдауын бағалады. Осындай шынайы сөздер мектептің – тек білім беретін емес, баланы шаттыққа бөлейтін орта екенін көрсетті. 🌈

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №4 Хромтау орта мектебінде «Денсаулық – зор байлық» фестивалі өтті. ✨ Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар сергіту жаттығуларын жасап, көңілді флешмоб биледі. Бұл шара қатысушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, ұйымшылдық пен сергектікке жетеледі. 🎶 Көңілді әуен ырғағымен өткен флешмоб фестивальдің көркін қыздырып, салауатты өмір салтын дәріптеудің тамаша үлгісіне айналды. 💪 Денсаулық – зор байлық, бірлік – қуат!

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 10 қыркүйекте аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында 8–11 сынып қыз балаларына арналған «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 10 қыркүйекте аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында 8–11 сынып қыз балаларына арналған «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. ✨ Шараның мақсаты – қыз балалардың әсемдік пен инабаттылықты бағалауына ықпал ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 👵 Қонаққа ардагер асыл анамыз Байсадакова Бибизада келіп, қыздарымызға ақыл-кеңесін айтты. 👩‍⚕️ Сонымен қатар мектеп медбикесі Кайепова Гүлшат Ермахановна қатысып, қыздардың денсаулығын күту жайында кеңес берді. 🧑‍💼 Мектеп психологы Салтанат Мерекеқызы қыздарға жылы әсер қалдырған «Құшақтасу» тренингін өткізді. 💖 Іс-шара қыздарға ерекше көңіл-күй сыйлап, пайдалы кеңес пен тәрбиелік мәні зор тәлім берді.

«Мен оқыған бір кітап» – Абайдың қара сөздері оқушы көзімен 11 «А» сынып оқушысы Амангельдина Аянат ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының *қара сөздер* кітабын оқып, өзінің әсерімен және терең ой-толғамдарымен бөлісті. Бұл бастама оқушының рухани дамуына, дүниетанымын кеңейтуге, ұлы тұлғалардың мұрасынан тағылым алуға бағытталған маңызды қадам. ⠀ 📝 Оқу – білімнің, ой – парасаттың бастауы!

А.Байтұрсынұлының туған күніне орай “Тілім менің – тұғырым” атты тағылымды шара өтті 5 қыркүйек күні мектебімізде қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған “Тілім менің – тұғырым” атты танымдық шара өтті. Шара барысында оқушылар А.Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне тоқталып, тіл туралы өлеңдер оқып, көріністер қойып, ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеді. Мақсат – жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт үшін жасаған еңбегін насихаттау. 📚 Тілім – тұғырым, рухымның тірегі!

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы үлескерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жүзеге асыруда. Мысалы, тергелген алаяқтық дерегі бойынша «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс облыс прокуратурамен 2 сәуірде сотқа жолданды. Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда, компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған. Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге. Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды. Прокуратурамен, азаматтық тәртіпте соттарға 2 талап-арыз жолданды, яғни 159 үлескердің мүддесі үшін, сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, үлескерлердің пайдасына 2 млрд теңге өндіру талап етілген. Одан басқа, 600 үлескердің мүддесі үшін тағы 6 талап-арыз жолданады – бұл туралы облыс прокуроры Марат Әбішев атап өтті. Біз барлық проблемалық құрылыс нысандарын бақылауда ұстаймыз. Прокуратура органдары азаматтарды құрылысшылардан барлық рұқсат құжаттарын талап етуге шақырады, мысалы: уәкілетті оператордың кепілдігі; екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы; тұрғын үйдің құрылысының толық даярлығы. Егерде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, әкімдің жанындағы құрылыс Басқармасына немесе сот және прокуратура органдарына арыз жазуға болады. Меншік пен мүліктеріңізді қорғаңыз!

Заңды қорықпай, құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? Оған жауап – профилактикада, білім беруде және дана тәлімгерлікте. Бүгін, өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмеген. Олар бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбеген. Нағыз қауіп - құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу. Бұл пәндіқызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады. Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде – ол қорқыныш пен бейбастақтық емес, бағыт пен тәртіпке ие алады. Хабардар адам қаруланғанмен тең. Егер жасөспірім алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөлісе алса – бұл жаман ба? Біз мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті. Демек, дұрыс тәрбие мен заңды білу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз. ҚР Бас прокуроры: Асылов Берік Ноғайұлы

 Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы 2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды. Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді. Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді. Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды. Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды. Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен. Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылуға дайындалып жатыр. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады. Менің сенімім: ертеңгі қуатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға қажеттілігін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы. Бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы. Осы жобаның жетістігі ескеріліп, мен оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі». Міне, осындай жаңаша бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекет – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және даусы естілген жас буыннан бастау алады. ҚР Бас прокуроры: Асылов Берік Ноғайұлы.

⚜️ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КӨРМЕСІНДЕ ӨЗ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ⚜️ 19 наурыз күні Ақтөбе қаласы, Құрмет Холл мейрамханасында Ақтөбе облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сэйкес «Ақтөбе-мүмкіндіктер мекені» атты ғылыми жобалар көрмесінің “FЫЛЫМ.ІЗДЕНІС.ЖАҢАЛЫК” тақырыбында жас өнертапқыштар алаңы өткізілді. Көрмеге мектебіміздің 6 “В” сынып білім алушысы Власовских Злата қатысып, өз жобасымен таныстырды. Жетекшісі: Кадралина Г.С. Көрменің мақсаты: Түрлі ғылыми жаңалықтар, тәжірибелік жұмыстар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және өзара тәжірибе алмасу. Оқушылардың алған білімін емірлік тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру арқылы креативтілікті дамыту, ғылыми-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

⚜️ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТКІЗІЛДІ⚜️

⚜️ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ - ҰЛТ МЕРЕКЕСІ⚜️ 18 Наурыз – "Ұлттық киім күні" деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық. Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көрсетілімі халық назарына ұсынылып, барлығы бір күнде ұлттық киім киеді. Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.

⚜️”ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК - 2025” БАЙҚАУЫ ӨТТІ⚜️ 17 наурыз күні мектепішілік “Үздік әдістемелік бірлестік - 2025” байқауы өтті. Мақсаты: Ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Нәтижесінде: - 1 дәрежелі орынды ағылшын тілі бірлестігі; - ⁠2 дәрежелі орынды қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, тарих пәні бірлестігі; - ⁠3 дәрежелі орынды жаратылыстану бағытындағы бірлестігі, эстетика бірлестігі иеленді.

⚜️ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ “БАУЫРСАҚ PARTY” ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ⚜️ 27 ақпан күні Алғыс айту күніне орай мектебімізде “Бауырсақ Party” ұйымдастырылды. Шараны 1 “Ә” сыныбының ата-аналары ұйымдастырды. Мақсаты: мейірімділік пен ризашылық сезімдерін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді насихаттау. Іс шара барысында ата-аналар мектеп ұстаздары мен оқушыларға өздері әзірлеген бауырсақтан дәм татқызып, мерекемен құттықтады.

⚜️АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ⚜️ 21 ақпан күні №4 Хромтау орта мектебінің базасында Хромтау ауданының аумақтық білім беру орталығы “№4 Хромтау орта мектебі” КММ құзіреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ: ӘДІЛ СӨЙЛЕП, АДАЛ ЖҮР, МҰРАТЫҢА ЖЕТЕСІҢ» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның спикерлері: - Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. - Сайфунов Бауыржан Насырдинұлы; - ⁠ ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ҚР мәртебелі маманы, «Алтын алқа» иегері, «Анаға тағзым» орталығының медиаторы - Әбділдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы; - Хромтау аудандық педагогика саласының ардагерлері кеңесінің төрағасы - Серік Ізтілеуұлы Ізтілеуов; - ⁠Хромтау аудандық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі - Аманғалиева Нұргүл Жолмұратқызы; - ⁠Хромтау аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы - Сағынжанұлы Айбол; - ⁠«№4 Хромтау орта мектебі» КММ директоры - Ешкеева Айгүл Төлеуқызы.

⚜️ОНЛАЙН ФОРМАТТА ВЕБИНАР ӨТТІ⚜️ Хромтау ауданының аумақтық білім беру орталығы “№4 Хромтау орта мектебі” КММ құзіреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 19 ақпан күні “Ақтөбе облысының Хромтау аудандық аумақтық 5 аумақтық білім беру округі бойынша білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдары” тақырыбында онлайн форматта вебинар өтті. Вкбинарда мектеп әкімшілігі білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсынды.

⚜️”ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ⚜️ 14 ақпан күні “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық конкурстың облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа мектебізден 2 педагог қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Олар: Ильясова Салтанат Мерекеқызы - педагог-психолог, жүлделі ІІІ орын; Әбдірахманова Назым Жолмұратқызы - химия пәні мұғалімі, жүлделі ІІІ орын. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! ?

⚜️ТАБЫСТЫ БОЛУ ҮШІН ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МЕКТЕП БАСШЫСЫНЫҢ 13 ҚАДАМЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ⚜️ Хромтау ауданының аумақтық білім беру орталығы «№4 Хромтау орта мектебі» КММ құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 13 ақпан күні “Табысты болу үшін жаңа форматтағы мектеп басшысының 13 қадамы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

⚜️”САНАЛЫ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ ӨТТІ⚜️ Хромтау аудандық прокуратурасының үйлестіруімен кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын арттыру мақсатында №4 Хромтау орта мектебінде 8-9 сынып оқушыларымен құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Пікірталас барысында тәрбие, отбасы құндылығы, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу бойынша қабылданған шаралар, балалар арасындағы суицид, түнгі уақытта жалғыз қыдыру, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау және басқа да заңсыз әрекеттердің салдары, әлеуметтік желілердегі құқықбұзушылықты насихаттайтын ақпараттар жастардың дамуына кері әсер ететіні туралы және т.б. өзекті мәселелер қамтылды. Хромтау аудандық прокуратурасының прокуроры А.Қ.Жанділдин құқық бұзушылықтың салдары мен нашақорлықтың болашақ ұрпаққа келтірер зияны туралы сөз сөйледі. Отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылық инспекторы Г.С.Бархадова саналы ұрпақ болу үшін, барлық зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін, қыз балалалардың жүрісі тұрысы қыз балаға тән болуын, ер балаларға зиянды әдеттерден аулақ болуы жөнінде қажетті мағлұматтар беріп өтті. Хромтау аудандық СӨС кабинетінің дәрігері Д.Р.Дермуханов «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында оқушыларға қазіргі уақытта бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті тақырыптардың бірі нашақорлық, ішімдік, темекі тартудың адам ағзасына келтірер зияндары туралы толықтай айтып өтті. Хромтау аудандық ауруханасының медициналық психологі А.Ж.Ахметулла және А.А. Объезчикова мектеп оқушыларына “Өмірдің маңызы мен құндылықтары” туралы тренинг өткізді. Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры Қ.Т. Мырзагелдин түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді іс-шара өткізілді.

⚜️”ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ⚜️ 7 ақпан күні Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №5 Хромтау гимназисының базасында “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық конкурстың аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа мектебізден 4 педагог қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Олар: Ильясова Салтанат Мерекеқызы - педагог-психолог, жүлделі І орын; Әбдірахманова Назым Жолмұратқызы - химия пәні мұғалімі, жүлделі І орын; Төреғалиева Әсел Талғатқызы - орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, жүлделі ІІ орын; Кәдір Айдана Дәулетқызы - ағылшын тілі пәні мұғалімі, алғыс хат. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!?

⚜️”ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ⚜️ 6 ақпан күні мектебімізде “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық конкурстың мектепішілік кезеңі өтті. Конкурсқа барлығы 6 педагог қатысып, оның 4-і аудандық кезеңге жолдама алды.

⚜️МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП⚜️ "Балалар кІтапханасы” бағдарламасы аясында 6 “Ә” сынып білім алушысы Әбілхан Әбілмансур Ж.К.Роулиннің "Хэрри Поттер мен Шалақан ханзада" атты кітабын оқып, қысқаша мазмұның айтып беруде. Мен оқыған кітапты, сен де оқы оқырман!

⚜️МҰҒАЛІМ - ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН ТҰЛҒА⚜️ Сіздің ойыңызша суретті кім ең әдемі етіп салды?

⚜️МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ⚜️ География, биология, химия пәндері бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес мектеп ұстаздарына арналған семинар өтті. Өткізген: Кадралина Г.С., Асылқазықызы С.

⚜️ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНДЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ⚜️

   

Директор блогы  

1 (1)

Мектеп директоры

 Ешкеева Айгуль Тулеуовна

   
© Хромтауская средняя школа №4

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09