Елтаңба  

   

 

   

«№4 Хромтау орта мектебі» КММ тарихы

   Хромтау қаласының №4 орта мектебі 1989 жылы білім берудің жаңа үлгісіндегі жалпы орта білім беретін оқу орны ретінде құрылды. 1989 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп алғашқы білім алушыларын қабылдап, оқу-тәрбие үдерісін бастады. Құрылған күнінен бастап білім ордасы сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудің орталығына айналып, тәжірибелі педагогтер мен дарынды шәкірттердің басын қосқан іргелі оқу орны ретінде қалыптасты.

   Мектептің алғашқы директоры болып Сергеева Надежда Михайловна тағайындалды. Әр жылдары мектепті басқарған басшылар білім ордасының дамуына зор үлес қосты:

1992-1994 жж. — Кочубей Людмила Михайловна

1994–2013 жж. — Каналина Алла Зулхарнаевна

2013–2016 жж. — Биржанов Рустам Айтуғанович

2016–2018 жж. — Дуйсенбин Болатбек Жалгасович

2018–2022 жж. — Журтканов Бекет Маликович

2022 жылдан бүгінгі күнге дейін — Ешкеева Айгуль Тулеуовна

   1997 жылы мектеп оқу-тәрбие кешені (мектеп-бақша) мәртебесіне ие болды. 2004 жылдан бастап мектеп Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базалық мектебі ретінде айқындалып, білім беру саласындағы ғылыми-әдістемелік ізденістер мен озық тәжірибелерді енгізудің жетекші алаңына айналды. 2009 жылы мектеп облыстық «Үздік жалпы білім беретін мектеп» байқауының жеңімпазы атанып, өңірдегі білім беру сапасының жоғары деңгейін айғақтады.

Қазіргі даму кезеңі

     №4 Хромтау орта мектебі қазіргі таңда ауданның білім беру кеңістігінде жетекші орын алатын, оқушы саны мен педагогикалық әлеуеті жоғары іргелі білім беру ұйымы ретінде танылып отыр.

   Қазіргі уақытта білім ордасында 127 мұғалім қызмет атқарады. Олардың қатарында жоғары білікті, шығармашыл, өз ісіне адал педагогтер еңбек етіп, жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы тәрбие алуына үлес қосуда.

   Даярлық топтарын қоса есептегенде, мектепте 1773 оқушы білім мен тәлім-тәрбие алуда. Бұл көрсеткіш ата-аналардың сенімі мен оқу-тәрбие үдерісінің жоғары сапасын айқын дәлелдейді.

Соңғы жылдардағы жетістіктер

-          2022 жылы аудандық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша мектеп «Үздік мектеп» деп танылды.

-          2023 жылы бастауыш сынып мұғалімі Таимова Рунат Жакуповна «Үздік педагог» атағына ие болды.

-          2023 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауында мектеп III орынға ие болып, грант иегері атанды.

-          2024 жылы мектепке Ақтөбе облысы Хромтау аудандық №5 аумақтық білім беру округі мәртебесі берілді.

-          2025 жылы білім ордасы «Ең үздік оқырман мектеп» атағына лайық деп танылды.

   №4 Хромтау орта мектебі – дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен оқушылар жетістігі тоғысқан білім ордасы. Өткен жылдардағы бай тарихы мен толайым табыстарына сүйене отырып, мектеп ұжымы алдағы мақсат-міндеттерді нық сеніммен жүзеге асырып, келер ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ көкжиектерін ашуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.

   

Директор блогы  

1 (1)

Мектеп директоры

 Ешкеева Айгуль Тулеуовна

   
© Хромтауская средняя школа №4

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09